Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа им. Ч.Валиханова» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа им. Ч.Валиханова» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области
Мектебімізде «Қамқор» жобасы аясында оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын арттыруға бағытталған ерекше іс-шара өтті. Оқушылар өз қолдарымен түрлі материалдарды пайдаланып, құс қоректендіргіштерін жасады. Бұл – олардың бойындағы еңбексүйгіштік, жауапкершілік және қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыс.
Іс-шара барысында балалар ағаш, пластик, картон сияқты қауіпсіз және қолжетімді материалдардан шығармашылықпен жұмыс жасап, әр қоректендіргішті ерекше ықыласпен безендірді. Олар құстардың қыста да азық табуда қиналатынын түсініп, өз еңбектері арқылы табиғаттың кішкентай қанатты достарына көмектесуге тырысты.
Бұл игі іс: – оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырады; – еңбек дағдыларын дамытады; – табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті күшейтеді; – айналаға жанашырлықпен қарауды үйретеді.
Мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға орналастырылған қоректендіргіштер енді талай құстың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Осындай шағын ғана бастама арқылы балалар үлкен мейірімнің, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетті.
Құсқа қамқорлық — жүректен басталады! Жасаған әрбір игі іс – үлкен жақсылықтың бастауы.
Волейбол. Республика күніне арналған жарыс! 26 қазан күні Алакөл ауылында Қазақстан Республикасының күніне арналған әйелдер арасындағы волейбол жарысы өтті. Еңбекші ауылдық округінің намысын қорғаған Валиханово ауылының құрама командасы тамаша нәтиже көрсетті! Шешуші ойында біздің қыздар Жаңа Жұлдыз ауылының командасымен кездесіп, II W орынды иеленді! 2 Спорттағы жетістіктерімен қуантқан волейболшы қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Спорттың дамуына үлес қосқан Бектемиров Е. Н.-ға алғыс білдіреміз!
№2 педагогикалық кеңес өткізіліп, оның негізгі тақырыбы «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» болды. Кеңестің мақсаты – педагогтердің кәсіби даму деңгейін көтеру, заманауи талаптарға сай тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру.
Кеңес барысында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланып, оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге, өзіндік даму дағдыларын қалыптастыруға ынталандыру жолдары қарастырылды. Әсіресе жаңа оқу жылында ерекше назарды қажет ететін 1-сынып және 5-сынып оқушыларының адаптациялық кезеңі жан-жақты сараланды.
Этно-кезең Мектепте «Ұлттық style» жобасының екінші кезеңі өтті. Қатысушылар — 8-9 сынып оқушылары Оқушылар шопперлерді этно-өрнектермен әрлеп, трафарет арқылы өрнек түсіріп, негізінде фетр аппликациясын орындады Жұмыстар кестелеу арқылы толықтырылды. Жоба барысында оқушылар шығармашылық қабілетін дамытып, өз қолымен ерекше аксессуарлар жасады. Нәтижесінде жұмыстар стильді әрі өзіндік сипатқа ие болды!