Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа им. Ч.Валиханова» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің
«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа им. Ч.Валиханова» отдела образования Железинского района, управления образования Павлодарской области
27 қараша күні Ш.Уәлиханов атындағы мектептің педагог-психологы Сагадатова Диана Сериковна «Жылдың үздік психологі» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, «Креативті психолог» номинациясымен марапатталды! Бұл — кәсіби шеберлік пен шығармашылық еңбектің, сондай-ақ мектеп психологиялық қызметінің дамуына қосқан үлестің жоғары бағалануы. Диана Сериковна, жаңа жеңістер, шабыт және үлкен мүмкіндіктер тілейміз!
Қараша айының 28 жұлдызында Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің “Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі” КММ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған аудандық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.
Шараның негізгі мақсаты: Ұлы ғалым, ағартушы, этнограф, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ғылыми мұрасын жаңаша зерделеу, педагогтердің зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін арттыру, пәнаралық байланысты нығайту және білім беру үдерісінде ғылыми көзқарасты дамыту болды.
Аталмыш шараға қатысушылардан бөлек, Енбекші селолық округінің әкімі А.Б.Краузе, 2008- 2019 жылдар аралығында мектеп директоры лауазымын атқарған Ж.Б.Балтабаев, PhD, Торайғыров университетінің аға оқытушысы А.Г.Шабамбаева, «Железин ауданының БББ»ММ ӘК меңгерушісі А.С.Баймикенова мен ӘК әдіскерлері Н.Б.Битенова, А.М.Есенова, А.К.Шайкова шараның қадірлі қонағы болды.