Қараша айының 28 жұлдызында Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің “Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі” КММ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған аудандық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.
Шараның негізгі мақсаты: Ұлы ғалым, ағартушы, этнограф, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ғылыми мұрасын жаңаша зерделеу, педагогтердің зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін арттыру, пәнаралық байланысты нығайту және білім беру үдерісінде ғылыми көзқарасты дамыту болды.
Аталмыш шараға қатысушылардан бөлек, Енбекші селолық округінің әкімі А.Б.Краузе, 2008- 2019 жылдар аралығында мектеп директоры лауазымын атқарған Ж.Б.Балтабаев, PhD, Торайғыров университетінің аға оқытушысы А.Г.Шабамбаева, «Железин ауданының БББ»ММ ӘК меңгерушісі А.С.Баймикенова мен ӘК әдіскерлері Н.Б.Битенова, А.М.Есенова, А.К.Шайкова шараның қадірлі қонағы болды.
Конференцияны мектеп басшысы Ж.К.Сыздыкова құттықтау сөзімен ашып, мерейтоймен ұштастыра «Виртуалды мұражайдың» салтанатты ашылу рәсімі өтетінін хабарлады. «Мұражайдың лента қию» рәсімі Ж.Б.Балтабаевқа бұйырды.
Қатысушылар Шоқан Уәлихановқа арналған мұражайды виртуалды аралап, оқушылар еңбегінің, ұстаздар шығармашылығының және ұжым ынтымағының шынайы көрінісі қонақтарға ерекше рухани әсер сыйлады. Шарамыздың мерейін Омбы қаласында өткен халықаралық «Шоқан оқуларына» жүлдегер оқушыларды қатыстырған мектебіміздің ұстаздары Н.В.Шефер, А.Л.Шабанбаева, А.Е.Бектемирова үстем қылды.
Конференция негізгі төрт бағыт бойынша жұмыс атқарды:
1. Шоқан және туған өлке тарихының сабақтастығы. /География пәнінің мұғалімдері /.
2. Шоқан мұрасының заманауи педагогикалық және ғылыми мәні. /Тарих пәнінің мұғалімдері/.
3. Шоқан еңбектерінің тілдік, әдеби және мәдени ерекшеліктері. /Тіл мамандары/.
4. Бейнелеу өнеріндегі Шоқанның бейнесі мен еңбектері. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері/.
Аудан бойынша 22 мұғалім білім көкжиегінде өз тәжірибелерін ортаға салып, жұмыстарын қорғады.
Конференция әр ұстазға өз әлеуетін көтеруге, үздік тәжірибелермен танысуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және кәсіби дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берген мазмұнды алаң болды. Шара қорытындысы бойынша үздік баяндамалар мен зерттеу жобалары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталып, белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.









